Комедия актері Гватемала президенті болып сайланды

Фотография - Комедия актері Гватемала президенті болып сайланды

Салтанатты шеруге АҚШ және басқа да елдердің ресми өкілдері мен саясаткерлері қатысты.

288 0

Гватемалада саяси сайыста жеңіске жеткен комедия актері Джимми Моралес ант беріп президенттік лауазымына кірісті, деп хабарлады 24.kz.

Салтанатты шеруге АҚШ және басқа да елдердің ресми өкілдері мен саясаткерлері қатысты. 46 жастағы актердің таққа отыруына елдегі жемқорлық түрткі болған еді. Себебі былтыр қыркүйекте осы елдің бұрынғы басшысы Отто Перес Молина және басқа да саясаткерлерге қатысты жанжал ушығып, президент тақтан тайып қамауға алынды. Артынша кезектен тыс сайлау өтіп, актер Моралес қарсыластарын қапыда қалдырды. Ел билігін қолға алған жаңа Президент ұлықтау рәсімінде халықты жемқорлықпен күресте күш біріктіруге үндеді.

 - Ұлттық әнұранымызда айтылғандай, ашкөздікпен халықтың қаржысын қарпып, қазына ақшасын ұрлайтындармен қатал әрі белсенді түрде күресетін боламыз. Олар заң алдында қатаң жауап беретін болады,деп мәлімдеді жаңа сайланған президент Джимми Моралес.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!