Буркина-Фасоның астанасындағы ірі қонақ үйде жарылыс болды

Фотография - Буркина-Фасоның астанасындағы ірі қонақ үйде жарылыс болды

Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугу қаласындағы ірі қонақ үйлердің бірінде жарылыс және атыс болды.

135 0

Батыс Африкада орналасқан мемлекет Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугу қаласындағы ірі қонақ үйлердің бірінде жарылыс және атыс болды. Бұл туралы РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қазіргі таңда елде туарегтердің НДОА ұйымының содырлары жиі қақтығыстар ұйымдастырып жүргенін атап өткен жөн. Олар Сахара шөліндегі Азавад аймағының тәуелсіздігі үшін күресуде. Аталған аймақ Малидің солтүстік-шығыс және шығыс бөлігін, Буркина-Фасоның солтүстігін, Нигер елінің батысы мен солтүстік-батысын, Алжирдің оңтүстік-шығысын және Ливияның оңтүстік-батыс өңірін қамтиды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кезінде туарегтердің қозғалысын Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муамар Каддафи қолдап отырған. Ұйым өкілдері соңғы рет қатарларына Каддафидің жақтастары қосылған кезде бас көтерген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!