Экстремистік насихат жүргізіп отырған 380 сайт тексерілетін болады

Фотография - Экстремистік насихат жүргізіп отырған 380 сайт тексерілетін болады

Ресейде ғаламтор желісінде емін-еркін экстремистік насихат жүргізіп отырған сайттарды көрсетіп, қандай да бір шара қолдануды өтінген.

347 0

Көршілес Ресей Қоғамдық палатасына соңғы уақытта 3 200 жаннан шағым түскен. Олар ғаламтор желісінде емін-еркін экстремистік насихат жүргізіп отырған сайттар мен әлеуметтік парақшаларды көрсетіп, қандай да бір шара қолдануларын талап еткен.

Олардың айтуынша, басынан бақайшағынан дейін террорлық ұйымдарды насихаттап отырған сайттар да баршылық көрінеді.

Сарапшылар осыған орай шағым түскен сайттарға зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде олардың 60 пайызы террорлық әрекетке шақырып, экстремистік ұйымдарды насихаттаумен айналысса, олардың 37 пайызы «Ислам мемлекеті» атанған террорлық топты уағыздайтын көрінеді. Ал, 11 пайызы басқа да тыйым салынған экстремистік топтардың сойылын соғып отырған сайттар дейді сарапшылар.

Зерттеу нәтижелері Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына жіберілген. Жақын арада аталмыш сайттар мен әлеуметтік парақшаларға шектеу қойылатын болады. Айта кетейік, былтырғы жылы Бас прокуратура 4 500 ғаламтор ресурстарына тыйым салған болатын.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!