Сьерра-Леонеде Эбола індетін жұқтыруы мүмкін 100 адам оқшауланды

Фотография - Сьерра-Леонеде Эбола індетін жұқтыруы мүмкін 100 адам оқшауланды

Дәрігерлер сондай-ақ дерт құрбанымен өте тығыз байланыста болған 30 адамды анықтағанымен, олардың 28-і ғана бақылауға алынды.

235 0

Сьерра-Леонеде Эбола безгегін жұқтырған адамның қазасынан кейін билік басындағылар онымен байланыста болған 100-ден астам кісіні оқшаулап, арнайы орындарға орналастырды. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігі қазір олардың жай-күйін тексеруде. Дәрігерлер сондай-ақ дерт құрбанымен өте тығыз байланыста болған 30 адамды анықтағанымен, олардың 28-і ғана бақылауға алынды. Ал қалғандарын табу оңайға соқпай тұр. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік министрі халықты дүрлікпей, аурудың таралуын тоқтату үшін біріге жұмыс істеуге шақырды. Айта кеткен жөн, Эбола безгегі 2014 жылы Гвинеяда тіркеліп, ізінше көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияға да таралып кеткен. Салдарынан осы 3 мемлекетте қауіпті вирус 11 мыңнан астам адамның өмірін жалмады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!