"Тата Стил" компаниясы 1 мыңнан аса адамды жұмыстан қысқартады

Фотография - "Тата Стил" компаниясы 1 мыңнан аса адамды жұмыстан қысқартады

Өткен жылдың қазан айында аталған корпорацияның Шотландияның Ланаркшир графтығындағы бөлімшесінен 1200 қызметкерді қысқартқан болатын.

142 0

Ұлыбритания жерінде болат құюмен айналысатын үнділердің Tata Steel корпорациясы 1 мыңнан аса қызметкерді жұмыстан қысқартады. Бұл туралы "Скай ньюс" арнасы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазан айында корпорация Шотландияның Ланаркшир графтығындағы бөлімшесінен 1200 қызметкерді қысқартқан болатын. Ал кәсіпорынның осы жолы қысқартулар жасағалы отырған зауытында барлығы 4 мыңға жуық адам еңбек етеді. Бұл қадамды кәсіпорын металлургия өнімдері бағасының құлдырауына апарып соқтырған экономикалық дағдарыспен байланыстыруда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!