Иранға қарсы санкциялардың алынуы мұнай бағасын құлдыратты

Фотография - Иранға қарсы санкциялардың алынуы мұнай бағасын құлдыратты

Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің құны Лондондағы IC биржасында 3,5%-ға құлап, барреліне 27,96 долларды құраған.

238 0

Иранға қарсы санкциялардың алынуы "қара алтынның" әлемдік бағасына кері әсерін тигізді. Наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің құны Лондондағы IC биржасында 3,5%-ға құлап, барреліне 27,96 долларды құраған. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел.Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

WTI мұнайының құны 2,3%-ға төмендеп, барреліне 28,75 доллар шамасында саудалануда, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Сенбі күні Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Юкия Амано Иранның атом бойынша келісімдерді жүзеге асыруға қажетті талаптарды орындағанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін ЕО мен АҚШ билігі Тегеранға қарсы санкцияларды алып тастағанын жариялады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!