Мысырда христиан жігіт мешіт қабырғаларын Құран аяттарымен безендіреді

Фотография - Мысырда христиан жігіт мешіт қабырғаларын Құран аяттарымен безендіреді

Христиан дінін ұстанатын мысырлық Фаиз Юсеф өзінің суретшілік талантын мешіт қабырғаларын Құран аяттарымен безендіруге жұмсап келеді

388 0

Христиан дінін ұстанатын мысырлық Фаиз Юсеф өзінің суретшілік талантын мешіт қабырғаларын Құран аяттарымен безендіруге жұмсап келеді. Оның бұл жұмысына діндестері наразылық танытқанымен, Юсеф бұл жұмысынан бас тартпайтынын айтады. Мұсылман достары мен көршілерінің көзіндегі қуаныш оты мен күлімсіреген жүздері мені бақытты ете түседі дейді ол.

Ол каллиграфия өнерімен әскерде жүрген кезінде танысқан көрінеді. Әскери борышын өтеуге барған ол құжаттар дайындайтын арнайы бөлімше қатарына қабылданады. Осы жерде ол араб каллиграфиясының көптеген түрлерімен танысып, өзін жетілдіре түседі. Әскерден оралғасын ол осы салада жұмыс істей бастайды. Әрине, діндестерімнің тарапымнан әлі күнге дейін қарсылықтар кездесіп жатады дейді ол.

"Бірде Ислам дінін ұстанатын досым жаңа салынған мешіт қабырғасына Алла Тағаланың 99 есімін жазып беруімді өтінді. Мен бұған басқа мұсылмандардың қалай қарайтынын ойлап уайымдадым. Дегенмен, досым мені көндірді, – деп еске алады ол өзінің алғашқы мешіт безендіру жұмысын. – Осылайша, мен ең бірінші рет Сеиф Наср мешітінің сыртына Алланың 99 есімін жазып шықтым. Мен мешіт әдебінің барлығын сақтадым. Аяқ киімімді шешіп кірдім. Қатты сөйлемеуге тырыстым. Мешітке құрмет көрсетуіміз керек! Өйткені, ол – Алланың үйі".

Ол өз жұмысын аяқтап болғасын ешқандай ақы сұрамағанын айтады. «Алайда, мешіттің іс басқарушысы маған ақы төлеуге тиісті екенін айтып тұрып алды. Мен келістім. Бірақ қанша төлейтіндері, тіпті, қызықтырмады. Сол сәтте мен алғаш рет мешітті безендіргенім үшін өзімді ерекше бақытты сезініп тұрған едім», – дейді Юсеф.

Содан бері ол 15 құлшылық ордасын безендірген екен. Жамағат жинаған ақшаға салынған мешітті тегін көркемдеп беремін, ал мемлекеттік қаржыға салынған құлшылық ордаларын безендіргенім үшін қанша берсе, сонша аламын дейді.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!