Дағыстанда доңыз тұмауынан бес адам қаза тапты

Фотография - Дағыстанда доңыз тұмауынан бес адам қаза тапты

Қыс басталғалы бері Дағыстанда H1N1 – доңыз тұмауынан төрт ересек және бір бала көз жұмған.

365 0

Ресей Федерациясының құрамындағы Дағыстан Республикасында доңыз тұмауынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Interfax ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Аталған республиканың Денсаулық сақтау министрілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыс басталғалы бері Дағыстанда H1N1 – доңыз тұмауынан төрт ересек және бір бала көз жұмған.

Министрлік таратқан хабарламада: "2015 жылдың желтоқсан айынан бері елде H1N1 вирусына қатысты соңы ауыр қайғымен аяқталған 5 оқиға тіркеліп отыр. Бұл жағдай негізінен ауру жұқтырғандардың дәрігерлерге көмекке тым кеш келуімен байланысты", – делінген.

Індеттен көз жұмғандардың төртеуі – Махачкалада, ал біреуі Избербашта өмір сүрген. Жалпы елде доңыз тұмауының 68 ошағы анықталған. Тұмауды жұқтырғандардың дені ауруханадан шығарылған, тек кейбірі ғана емделуге қалдырылып отыр.

Жағдайды министрлік ерекше бақылауға алған. Дағыстандағы барлық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен дер кезінде жабдықталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!