Тәжікстанда қажылыққа тек 40-тан асқандар ғана баратын болады

Фотография - Тәжікстанда қажылыққа тек 40-тан асқандар ғана баратын болады

Дін істері жөніндегі комитеті бұдан былай қажылық рәсімін өтеуге тек 40 жастан асқандар ғана бара алады деген шешім шығарды.

227 0

Тәжікстан мемлекетінің Ұлттық дәстүрді реттеу және Дін істері жөніндегі комитеті бұдан былай қажылық рәсімін өтеуге тек 40 жастан асқандар ғана бара алады деген шешім шығарды.  Діни бірлестіктердің республикалық басқармасының өкілі Хусейн Шакиров қажылық рәсімін алдымен қартаң адамдардың өтегені дұрыс дейді.

Былтырғы жылы Сауд Арабиясы бірнеше мемлекетке берілетін квота санын қысқартқан болатын. Аталмыш тізімде Тәжікстан мемлекеті де бар. Нәтижесінде қасиетті мекенге бар болғаны 6 300 тәжікстандық азамат қана барған болатын.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!