Иран мұнайының баррелі 10 доллар

Фотография - Иран мұнайының баррелі 10 доллар

Иранның теңізде емес, құрлықта өндірілетін мұнайының өзіндік құны барреліне 10 долларға тең.

247 0

Иранның теңізде емес, құрлықта өндірілетін мұнайының өзіндік құны барреліне 10 долларға тең.

Сондықтан әлемдік нарықтағы қара алтынның қазіргі бағасы парсы елі үшін тиімді болмақ. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу мәлімдеді. Бұдан басқа, дипломат мұнай бағасының төмендеуіне Ираннан алынған санкциялар ғана емес, басқа да факторлар әсер ететінін айтады. Ол бұған әлемдік экономикалық өсімнің құлдырауы да себеп болып отырғанын жеткізді. Парсы елшісінің айтуынша, Иран санкцияларға дейін күніне 4 миллион баррель мұнай өндіріп, оның 2,1 миллионын экспорттап келген. Шектеу енгізілгеннен кейін қара алтын экспорты күніне 1 миллион баррельге дейін қысқарды.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда МАГАТЭ басшылығы "Иран ядролық бағдарламаға қатысты бастапқы міндеттемелерін толық орындады" деп мәлімдеп, 2005 жылы салынған санкциялардың алынғанын ресми түрде жария еткен болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!