Египетте шетелге әйел сату заңдастырылды

Фотография - Египетте шетелге әйел сату заңдастырылды

Египетте шетелдіктерге өзінен 25 немесе одан да жас мысырлық әйелді уақытша немесе біржола алуына рұқсат беретін заң қабылданды.

250 0

Египетте шетелдіктерге өзінен 25 немесе одан да жас мысырлық әйелді уақытша немесе біржола алуына рұқсат беретін заң қабылданды.

Алайда, бір шартпен: мысырлық әйелге үйлегісі келетін шетел азаматы неке қидырар алдында банктегі шотқа  50 000 мысырлық фунт (6383 доллар) қаржы салуы тиіс. Бұл жайында "IslamNews" агенттігі "Al Arabiya" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Туристік" немесе «маусымдық» неке туралы заң бойынша елге демалуға немесе жергілікті әйелдермен көңіл көтеруге келген шетелдіктерге белгілі бір материалдық жауапкершілік жүктелген.

Экономикасының негізгі бөлігін туризм құрайтын бұл елде туризм  дағдарысы орын алғандықтан әлгіндей қадамға барғанымен, аталмыш заңға байланысты өз ойларын білдірген құқық қорғаушылар ел билігінің бұл қадамына сын көзбен қарап, әйелдердің құқығын аяқ асты ететінін алға тартып отыр. Тоят іздеген қалталы шетелдіктердің қойнына мысырлық әйелдерді салып беретін бұл заң адамгершіліктен жұрдай екенін жеткізді. "Шетелдіктер заңдық тұрғыдан кездесетін проблеманы тудырмас үшін неке туралы келісім-шартқа отырады, ал әйелдің отбасы ақшасын алады. Қыздардың бір ай ішінде екі мәрте осындай жолмен неке қидырғаны бар",- деді құқық қорғаушы Нихад Әбіл Құмсан.


islam.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!