Цюрихте Сирия мәселесі талқыланады

Фотография - Цюрихте Сирия мәселесі талқыланады

Кезекті талқылау Сирияны тығырықтан шығарудың жолдарын қарастырмақ және оған сириялық оппозиция өкілдері де қатысуы мүмкін

177 0

Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірге Сирия мәселесін талқыға салады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Кирби мәлімдеді. Кезекті талқылау Сирияны тығырықтан шығарудың жолдарын қарастырмақ және оған сириялық оппозиция өкілдері де қатысуы мүмкін. Башар Асад билігін жақтаушы Ресей мен Иран және қарсы топ – АҚШ, Сауд Арабиясы, Еуропа, басқа да араб мемлекеттері арасындағы түсініспеушілік тіпті қаңтардың 25 күні БҰҰ бастамасымен өтетін кезекті басқосуға кедергі келтіруі де мүмкін. Дегенмен Сирия дағдарысына түбегейлі нүкте қоюға үміт жоқ емес. 5 жыл бойы жалғасып келе жатқан Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан 250 мың адам опат болып, 4 миллионға тарта босқын өзге мемлекеттерге қоныс аударғаны белгілі, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!