Пәкістанда шабуылдан қаза тапқандар саны 40 адамға жетуі мүмкін

Фотография - Пәкістанда шабуылдан қаза тапқандар саны 40 адамға жетуі мүмкін

Ирак ақпарат құралдары болса, радикалдардың 10 жерден жарылыс жасағанын хабарлайды

119 0

Пәкістанның Чарсадда қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетуі мүмкін. Жараланғандардың саны 50-ден асып кетті. "Олардың барлығы ауруханада", - деп хабарлайды 24.kz  Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, қаладағы университеттердің біріне қару асынып кірген бірнеше адам аяусыз оқ жаудырған болатын. Ирак ақпарат құралдары болса, радикалдардың 10 жерден жарылыс жасағанын хабарлайды. Оқиға орнына жеткен полиция 2 бүлікшінің көзін құртты. Алайда олардың саны қанша екені туралы нақты мәлімет жоқ. Бұған дейін полиция қастандықты 4 лаңкес жасады деп мәлімдеген еді. Ал соңғы дереккөздерде олардың саны 6 немесе 8 болуы мүмкін деген болжам айтылады. Шабуыл кезінде университетте 3 мыңдай студент болған. Шабуылды "Талибан" лаңкестік қозғалысы мойнына алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!