Тунисте екі қолға бір күрек таппағандар ереуілге шықты

Фотография - Тунисте екі қолға бір күрек таппағандар ереуілге шықты

Себебі кейбір аудандарда жұмыссыздар саны 30 пайызға жеткен

213 0

Тунис тұрғындары елді жайлаған жұмыссыздықтың артуына қарсы ереуілге шықты. Себебі кейбір аудандарда екі қолға бір күрек таппай сенделгендер саны 30 пайызға жеткен, деп жазды 24.kz.

 Оған қоса, жуырда бір адам жергілікті билік қоғамдық қызметке қабылдамай қойғандықтан өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан болатын. Осы жағдай халықтың жаппай көтерілуіне әкеліп соқты. Кассерин қаласындағы үкімет ғимаратының алдына жиылған ереуілшілер жергілікті тәртіп сақшыларымен қақтығысып, 14 адам жараланды. Оларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ пайдаланған. Қала губернаторы Шедли Буалегтің айтуынша, зардап шеккендердің барлығы емханаға жеткізілді. Жергілікті арналар қалада коменданттық сағаттың жарияланғанын хабарлады. Айта кету керек, 2015 жылы Тунистағы жұмыссыздар саны 15 пайыздан асып жығылған еді. Мәселен, мұнда жоғарғы оқу орнын енді ғана бітірген жас мамандар, жалпы жұмыссыздар санының үштен бір пайызын құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!