Пәкістанда университеттегі қанды қырғынға қарсы шеру өтті

Фотография - Пәкістанда университеттегі қанды қырғынға қарсы шеру өтті

Чарсадда қаласындағы университетке шабуыл ұйымдастырылып, бірнеше студент қайтыс болған.

146 0

Пәкістанның Карачи қаласында университетке жасалған шабуылға қарсы ереуіл өтті. 

Жиылған жұрт елдің қауіпсіздік күштерінің қызметіне көңілі толмайтынын жеткізген. Естеріңізде болса, күні бұрын қарулы топ Чарсадда қаласындағы университетке шабуыл ұйымдастырған еді. Ол кезде оқу орнында 3 мыңға жуық адам болыпты. Соңғы мәліметтер бойынша, содырлардың қолынан 25 адам қаза тауып, тағы 30-дан астамы жараланған. Қанды қырғын үшін жауапкершілікті тәліптер өз мойнына алды.   

Сайма Хаят, ереуілші: - Арнайы қызмет өкілдері лаңкестік әрекет жасалуы мүмкін деген хабар алған шығар. Олар бұл шабуылдың алдын алу үшін еш әрекет етпеді. Біз өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз. Тәліптердің шабуылдары қашанға дейін жалғаспақ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!