Каирдегі жарылыс 10 адамның өмірін жалмады

Фотография - Каирдегі жарылыс 10 адамның өмірін жалмады

Жараланғандардың саны – 13 адам.

296 0

Мысыр астанасы Каирде қолдан жасалған бомба жарылып, 10 адамның өмірін қиды.

Марқұмдардың жетеуі – полицей де, қалған үшеуі – бейбіт тұрғын. Жараланғандардың саны – 13 адам. Елдің ішкі істер министрлігі бұл лаңкестік әрекетті қызметіне тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" ұйымы жасады деп мәлімдеді. Бомба содырлар бекінген пәтерге қойылған. Үкімет әскері оны залалсыздандыру кезінде жарылғыш іске қосылыпты. Мысыр полициясы әзірге бір ғана күдіктіні қамауға алып отыр.

Махмуд Әбу Бәкір, куәгер: - Жарылыстың дауысын естіп, сыртқа тұра жүгірдік. Бірақ жарты сағат бойы көк түтіннен ештеңе көре алмадық. Шаң-тозаң сейілгеннен кейін ғана жарылыс салдарына көзіміз жетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!