Мальтада қазақстандық пышақпен 6 адамға шабуыл жасады

Фотография - Мальтада қазақстандық пышақпен 6 адамға шабуыл жасады

23 жасар Айбек Манапов 20 см пышақпен 6 адамға шабуыл жасағанын мойындаған.

276 0

Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгіргені үшін сот оған 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты, деп британдық Independent газетіне сілтеме жасап newskaz.kz хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, 23 жасар Айбек Манапов 20 см пышақпен 6 адамға шабуыл жасағанын мойындаған.

"Жігіт бір келіншекті жеңіл жарақаттап, 5 адамға шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, рұқсатсыз суық қару алып жүргені үшін айыпталып отыр",-джеп жазады басылым.

БАҚ мәліметіне сәйкес, мәмілегер судья Донателла Френдо Димек бейсенбі күні таңертең Айбек Манаповқа 3 жыл шартты және 10 ай түрмеге қамау жазасын кесті. Оған 116 еуро айыппұл салынған.

Қазір А.Манапов Мальта аумағында, ол онда 2015 жылдың қазан айынан бері ағылшын тілін үйренуде. Тіл курсы 2016 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс. Алайда сот басқа студенттерге қауіп төндіретіндіктен оны мүмкіншілік туа қалған жағдайда ел аумағынан шығарып салу керек деген шешім қабылдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!