Сомалидегі сойқан: террористердің қолынан 20-дан аса адам қаза тапты

Фотография - Сомалидегі сойқан: террористердің қолынан 20-дан аса адам қаза тапты

Күштік құрылымдар мейрамханада қалып қойған бейбіт тұрғындарды сыртқа шығарды.

350 0

Могадишодағы мейрамханаға жасалған шабуылдан жиырмадан аса адам қаза тапты.

 Террористермен түні бойы арпалысқан күштік құрылымдар оларды таңсәріде ғана тойтарды, деп хабарлайды abcnews. Шайқас барысында мейманхана кешенінің ғимаратына тығылған содырлар бір бөлмеден екіншісіне қашып жүріп атысқан. Күштік құрылымдар мейрамханада қалып қойған бейбіт тұрғындарды сыртқа шығарды. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда мейрамханаға баса көктеп кірген лаңкес арабша ұран тастап, айқай салған.  Бұл террористік шабуылды "аль-Каидамен" байланысты "аль-Шабаб" ұйымы мойнына алды.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!