Америкалықтар шіркеуді мешітке айналдыруға қарсыласып бағуда

Фотография - Америкалықтар шіркеуді мешітке айналдыруға қарсыласып бағуда

Шіркеу ғимаратының жаңа қожайыны оны мешітке айналдырғысы келеді.

180 0

Вискони штатының (АҚШ) Оңтүстік Милвоки қаласындағы шіркеу ғимаратының жаңа қожайыны оны мешітке айналдырғысы келеді. Алайда, оның бұл шешіміне қала тұрғындарының барлығы бірдей келісім танытпай отыр.

Қаладағы шіркеулердің бірігуіне байланысты католиктіктер ғибадатханасының қаңырап тұрғанына бес жыл болған. "Ал, ғимараттың шығыны кәдімгідей. Салығы бар, сақтандыру жұмыстары, коммуналдық төлемдер... Жылына 50 000 доллар төлеп отырдым", – дейді оның бұрынғы иесі Стивен Сарасин.

Былтырғы жылы шіркеу ғимаратын біреулер сатып алып, үйсіздерге арналған баспана жасамақ болған. Алайда, ғимаратқа көршілес тұратындары бұған қарсы шыққан еді. Енді мешітке жасауға қарсы болып отыр деп күйінеді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!