Қытай шекарасынан 70 қолтырауынды алып өтпек болғандар ұсталды

Фотография - Қытай шекарасынан 70 қолтырауынды алып өтпек болғандар ұсталды

Әрқайсысының дене мөлшері бір метрге жетсе, салмағы 10 килоның көлемінде.

234 0

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономды ауданында шекара арқылы Вьетнам мемлекетіне заңсыз жолмен 70 қолтырауынды алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Жергілікті полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары кезінде қолтырауынның Қызыл кітапқа енген сиам түрінің тоңазытылған 70 данасын, сондай-ақ, оның 88 құйрығын тәркілеген. Әрқайсысының дене мөлшері бір метрге жетсе, салмағы 10 килоның көлемінде. Ал құйрықтарының ұзындығы 0,7 метр.

Өзге елге өтпек болған жүк көлігін шекарашылар асқан қырағылықпен бақылап, контрабандалыққа жол берген жоқ. Ал жүргізуші өзіне тек артылған жұмысты орындағанын, сондай-ақ, тапсырғандар көлік ішінде теңіз өнімдері тиелді деген жалған сөзбен шығарып салғанын айтып ақталды.

Айта кетейік, қолтырауынның сиам түрі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тіршілік етеді. Қазіргі кезде олар жер бетінен жойылып кетудің алдында тұр. Бүгінде олардың небәрі 5 мыңға жуығы қалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!