Польшаның 36 қаласында жаппай ереуілдер өтуде

Фотография - Польшаның 36 қаласында жаппай ереуілдер өтуде

Халықтың бұлай бас көтеруіне заң жобасы түрткі болды.

255 0

Халықтың бұлай бас көтеруіне заң жобасы түрткі болды. 

Құжатқа сәйкес, құқық қорғаушылардың ғаламтор кеңістігіндегі мәліметтерді алу мүмкіндігі артады. Олар енді кез келген тұрғынның әлеуметтік желідегі электрондық хаттарын оқи алады. Осы ретте шетелдегі 11 қалада Польша елшілігі алдында да наразылық шарасы өткен екен. Айта кеткен жөн, поляк құқық қорғаушылары тұрғындардың телефонмен сөйлесу деректерін жылына 2 миллион рет алатын көрінеді. Бұл Еуропа бойынша ең үлкен көрсеткіш болып отыр. 

Матеуш Киевский, "Демократияны қорғау комитетінің" негізін қалаушы: - Тұрғындардың еркіндігіне шектеу қоятын заңға қарсымыз. Біз революционер емеспіз. Бар болғаны жеке өмірімізге қол сұғуға жол бергіміз келмейді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!