Камчаткада доңыз тұмауы өршіп барады

Фотография - Камчаткада доңыз тұмауы өршіп барады

Бұл жақта доңыз тұмауына шалдыққандар саны 39 адамға дейін көбейді.

610 0

Камчаткада соңғы үш күнде А(H1N1) тұмауына шалдыққандар саны 39 адамға дейін көбейді, бұл өткен жұмаға қарағанда екі есеге артық. Қазір өңірде карантин енгізілген, деп хабарлайды аймақтық үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
"Бүгіннен бастап Камчатка өңірінде карантин енгізілді. Яғни жабық мекемелерде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, сонымен қатар оқу орындарында күн сайын мониторинг жүргізіледі. Әзірге мектептер мен басқа ұйымдарды жабу туралы сөз болып отырған жоқ", - дейді Камчатка өңірі үкіметі төрағасының орынбасары Валерий Карпенко.
"Тұмау жұқтырғандар саны демалыс күндері екі есеге артқан. 22 қаңтарда 21 жағдай тіркелсе, бүгін – 39", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Әзірге Камчаткада доңыз тұмауынан ешкім қайтыс болған жоқ. Әйтсе де жақында әлеуметтік желілерде тұмаудан адамдардың көз жұмып жатқаны туралы хабарлама тарап, жұртты біраз үрейлендірген еді.
"Демалыста ауруханада үш адамның көз жұмғаны рас, қазір тағы бір әйел ақ халаттылардың жіті бақылауында. Алайда олардың өлімін доңыз тұмауына итере салу дұрыс емес. Зертханалық түрде бұл адамдардың А(H1N1) тұмауына шалдықпағаны дәлелденді", - деп мәлім етті Камчатка өңірі денсаулық сақтау министрінің м.а. Марина Волкова.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!