Иорданияда шекараны заңсыз кескен 12 сириялық қаза тапты

Фотография - Иорданияда шекараны заңсыз кескен 12 сириялық қаза тапты

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Иорданияға 600 мыңға жуық босқын кірген

138 0

Иордания шекарашылары ел аумағына заңсыз өтпек болған 12 адамды жер жастандырды. Олардың барлығы Сирия аумағынан келген. Шекара қызметінің өкілдері "елге заңсыз кірмек болғандардың саны шамамен 30 шақты және кейбірі мұздай қаруланып алған", - дейді. Сонымен қатар тінту барысында қарақшылардан 2 млн-ға жуық есірткі капсуласы табылған. Бұған дейін Иордания билігі Сириядан ағылған заңсыз джихадшыларды тоқтату үшін арадағы шекара бақылауын күшейтетінін мәлімдеген еді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Иорданияға 600 мыңға жуық босқын кірген. Алайда Иордания тарапы өз шекарасынан 1 млн 400-ге жуық сириялықтың кіргенін айтып отыр, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!