Ауғанстанда 30-дай ауыл тәліптерден азат етілді

Фотография - Ауғанстанда 30-дай ауыл тәліптерден азат етілді

Бұл 20 күндік арнайы операция нәтижесі

199 0

Ауғанстан әскері 30-дан астам елді мекенді "Талибан" радикалдарынан азат етті.

Кандагар мен Гильменд провинцияларындағы содырларға қарсы арнайы операция 20 күн бұрын басталған болатын. Содан бері 30 тәліптің көзі жойылды. Бұдан басқа, сарбаздар 85 минаны залалсыздандырған.

Айта кетейік, Ауғанстандағы ахуал соңғы айларда қатты ушығып кетті. Елдің БҰҰ-дағы өкілі бұрын тек ауылдық жерлерде ғана төбе көрсетіп жүрген "Талибан" содырлары енді ірі қалаларға ауыз сала бастағанын айтады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!