Билл Гейтс қатерлі дертті жоюға 4,5 миллиард доллар бөлінбек

Фотография - Билл Гейтс  қатерлі дертті жоюға 4,5 миллиард доллар бөлінбек

Ұлыбритания билігі және Гейтстер отбасы безгек ауруына қарсы күрес үшін алдағы 5 жыл көлемінде бірігіп, 4,5 миллиард доллар қаржы бөледі.

163 0

Ұлыбритания билігі және Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс пен жұбайы Мелинда Гейтс безгек ауруына қарсы күрес үшін алдағы 5 жыл көлемінде бірігіп, 4,5 миллиард доллар қаржы бөледі. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Біз тропикалық аурулардан, безгек індетінен, сондай-ақ, адам өміріне қауіпті сырқаттардан арылып, әлемді гүлдендіре аламыз деген ойдамыз", – дейді бірлесіп жазылған хатта.

Алдағы 5 жыл көлемінде жыл сайын 715 миллион доллар көлеміндегі қаржы британдық ғалым Рональд Росстың атындағы фондқа аударылады. Айта кетейік, ағылшын ғалымы безгек ауруын тарататын жәндіктің маса екенін анықтағаны үшін 1902 жылы Нобель сыйлығын иеленді.

Ұлыбританияның қаржы министрі Джордж Осборн безгек аруынан әрбір минут сайын жер бетінде бір сәби көз жұматынын мәлімдеді. Дегенмен соңғы 15 жыл ішінде бұл көрсеткіш екі есеге азайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!