Храпуновтың ұлы Швейцарияда құрылыстық дауға ілікті

Фотография - Храпуновтың ұлы Швейцарияда құрылыстық дауға ілікті

Құрамында Ілияс Храпунов бар инвесткомпания қонақүйдің құрылысын аяқтай алмай отыр

226 0

Швейариялық Swiss Development Group инвестициялық компаниясы есеп бойынша төлем жасалмағандықтан қаржылы клиенттер қонақүйін күрделі жөндеуден өткізуді аяқтай алмай отыр. Компания акционерлерінің қатарында Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновпен бірге халықаралық іздеуге жарияланған Ілияс Храпунов та бар, деп жазады Thelocal.ch.

Swiss Development Group компаниясы Веве қаласындағы 113 жылдық жақын көлге көрінісі бар Hôtel du Parc at Mont Pèlerin қонақүйін 2008 жылы алған. Қонақүйді 4-тен 23 миллион франкке дейін тұратын 22 пәтерлік үйге айналдыру жоспарланған. Ішінде швейцариялық нарықтағы ең үлкен пентхаус да бар.

Қонақүйді жөндеу 15 мердігер жалпы соммасы 2,5 миллион франк түріндегі қаржының төленбеуіне арызданғаннан кейін тоқтатылған.

Компания мүшелері жөндеу жұмыстарының аяқталуына мүмкіндік беретіндей банкрот деп жариялануын кейінге қалдыру мәселесін талқылап жатқаны хабарланды.

Естеріңізге салсақ, Храпуновтар отбасы Қазақстанда ақша жымқыру бойынша айыпталған. Виктор Храпунов пен оның жұбайына қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан экс-шенеунікті экстрадициялауды сұраған. Олардың ұлы Ілияс 2010 жылы Швейцарияның ең бай адамдары тізімінде болған. Ільяс пен Виктор Храпуновтарды Интерпол халықаралық іздеуге берген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!