Жұмыс орнында намаз оқу тақырыбы жаңа бетбұрыс алды

Фотография - Жұмыс орнында намаз оқу тақырыбы жаңа бетбұрыс алды

Форт Морган қаласында 2015 жылы 150 мұсылман жұмыс орнында намаз оқығаны үшін шығарылған.

605 0

2015 жылдың соңында АҚШ-тағы Колорадо штатының Форт Морган қаласында 150 мұсылман жұмыс орнында намаз оқығаны үшін шығарылған.

Бірақ, 2016 жыл басында Cargill компаниясы өз саясатын өзгертуі себеп, жұмыстан шығарылғандар үшін ет өңдеу зауытына қайта орналасу мүмкіндігі туылған. Алайда, Шығыс Африкадан келген босқындар мен жергілікті  мұсылмандардың айтуынша, мұнымен жағдайды түзеп болмайды. Бұл ортада қаржы тапшылығы орын алған. Жұмыссыздық салдарынан 20 отбасы қаладан кетіп қалған. Форт Морганга 5 жыл бұрын келген Сомалилік иммигрант әпкелі-сіңлілі Нурто мен Садие Абдилар бастапқыда 5 уақыт намаз оқу үшін қысқа уақытқа жұмыстан сұранған. Желтоқсан айының ортасында басқарма бұл үзіліске басқаша қарай бастаған. Нәтижесінде 4 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан апалы-сіңлілер жұмысынан айырылған, деп хабар береді NPR баспасы.

Америка-Ислам арақатынасындағы құқықтанушылар мұсылмандардың берген арызының негізділігіне сенімді болса да, Cargill басқармасы оларды кері қайтарып жатыр. "Еш уақытта, ешкімге намаз оқуға болмайды деп айтпағанбыз, не болмаса, намаз үшін мүмкіндік жоқ емес, - деп баяндама берген зауыт өкілі Майк Мартин. – Бар болғаны, бізде белгілі уақыт аралықтары бар, сол кездерде жұмысшылардың санына байланысты үзіліске рұқсат бере алмаймыз".

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!