Боливияда музыканттар мінген автобус апатқа ұшырады

Фотография - Боливияда музыканттар мінген автобус апатқа ұшырады

Соңғы мәліметтерге қарағанда, автобус 100 метрлік құзға құлаған

193 0

Боливияның батысында перулік "Элигансия" оркестрінің мүшелері мінген автобус апатқа ұшырап, 9 адам ажал құшты. Олардың біреуі – 10 жастағы жеткіншек, деп жазды 24.kz. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, автобус 100 метрлік құзға құлаған. Ал оның ішінде 13 жолаушы болған. Аман қалған төртеуі ауыр халде жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болса керек. Айта кету керек, Боливияда тасжолдар сапасының төмендігі мен жол ережелерін сақтамау салдарынан жыл сайын мыңға жуық адам мерт болып, 40 мыңға жуығы жарымжан атанады екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!