Аргентина ұлттық паркінің 1700 гектары өртеніп кетті

Фотография - Аргентина ұлттық паркінің 1700 гектары өртеніп кетті

Өрт сөндіруші 200 бригада мен 4 ұшақ және 3 тікұшақ жұмылдырылған.

146 0

Аргентинаның батысындағы "Лос-Алерсес" ұлттық паркінде тұтанған қызыл жалын 1700 гектар жерді жайпап өтты.
Мыңдаған жылдық тарихы бар ежелгі ағаштарымен ерекшеленетін қорықтағы өртті ауыздықтау үшін билік өкілдері аянып жатқан жоқ. Мұнда өрт сөндіруші 200 бригада мен 4 ұшақ және 3 тікұшақ жұмылдырылған. Алайда олардың жұмысына секундына 25-30 метр жылдамдықпен соққан жел үлкен кедергі келтіруде. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қорық әдейі өртелген. Осыған байланысты тергеу амалдары да басталып кетті.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!