АҚШ-та үскірік аяздан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті

Фотография - АҚШ-та үскірік аяздан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті

Оған қоса елдің 11 штатында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берілді

156 0

АҚШ-та 22 қаңтардан бері толассыз жауған қар мен ақ түтек боран салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, деп жазды 24.kz.Соңғы мәліметтерге қарағанда, олардың дені көктайғақтан болып жатқан көлік апаттарынан ажал құшқан. Ақ ұлпаның көптеп түсуіне байланысты бірнеше мемлекеттік мекеме де жұмысын уақытша тоқтатты. Оған қоса елдің 11 штатында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір аудандарда 70 сантиметрге дейін қар түскен. 200 мың үй жарықсыз қалса, бірқатар өңірде сел жүреді деген қауіп бар. Ал ауа райын болжаушылар қарлы боран біртіндеп, Ұлыбританияға қарай ауысып жатқанын айтуда.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!