Бельгияда босқындарға бассейнге келуге тыйым салынды

Фотография - Бельгияда босқындарға бассейнге келуге тыйым салынды

Жергілікті қыз-келіншектер шомылу кезінде босқын ерлердің өздеріне сұқтана қарайтынын жеткізіп, шағымданған.

327 0

Бельгияның Коксейде қаласының мэрі Марк Ванден Бушше алдағы бір айда босқын ер адамдарға қоғамдық бассейндерге келуге тыйым салды. Оған келуші әйелдердің шағымы себеп болып отыр. Бұл туралы lenta.ru ақпарат порталына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Шаһар басшысының айтуынша, жергілікті қыз-келіншектер шомылу кезінде босқын ерлердің өздеріне сұқтана қарайтынын жеткізіп, шағымданған. Тіпті, кейбір босқындар әйелдер суда жүзіп жүрген кезде сол көріністің аясында селфиге түседі екен.

"Мұндай келеңсіздіктер күн сайын артып келеді. Бұрын-соңды бізде осындай шағымдар болған емес. Бастапқыда ешқандай шара қолданған жоқпыз. Алайда, Ирактан шыққан босқынның бассейннен шығып келе жатқан 11 жасар қызға тап беруі көпшіліктің жағасын ұстатты. Дәл осы оқиғадан кейін әрекет етуге мәжбүр болдық. Босқындарға өзіміздің өмір сүру қағидаларымызды үйрететін кез келді", – деген Ванден Бушше бұл тыйымның әйел босқындар мен балаларға қатысы жоқ екенін айтты.

Дегенмен, мэрдің бұл шешімі Брюссел тарапынан сынға ұшырады. Бельгияның Босқындар мәселесі жөніндегі мемлекеттік хатшысы Тео Франкен бір адамның әрекеті үшін барлық босқынды жазалауға болмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Еуропада босқындар мәселесі Германияның Кельн қаласында жаңа жыл алдында болған оқиғадан кейін қайта ушығып кетті. Атап айтқанда, Кельнде Африка және араб елдерінен шыққан мыңдаған босқын ер адамдар әйелдер мен қыздарға тап беріп, олардың сөмкелері мен телефондарын тартып алған. Тіпті кейбірі зорлық-зомбылық әрекеттерге де жол берген. Осыған байланысты Кельн полициясы 766 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде зорлыққа қатыстылары да бар екенін атап өткен жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!