Үндістан азаматы жұмысына сумен жүзіп барады

Фотография - Үндістан азаматы жұмысына сумен жүзіп барады

Суға батып кетпесі үшін ол автокөлік дөңгелегінің камерасын пайдаланып, 25 минут бойы жүзуге мәжбүр.

394 0

Әбдімәлік есімді Үндістанның 40 жастағы тұрғыны күн сайын жұмысына сумен жүзіп барады.

Яғни, мұғалім болып жұмыс істейтін оған оқушыларына жету үшін өзеннен жүзіп өтуіне тура келеді. Суға батып кетпесі үшін ол автокөлік дөңгелегінің камерасын пайдаланып, 25 минут бойы жүзуге мәжбүр. Қайық жалдап мінуге оның ақшасы жетпейді. Автобуспен айналма жолмен жүру де оған тиімсіз: мектепке жету үшін 3 сағат жолда жүруіне тура келеді. Оның үстіне, автобус ұдайы келе бермейді. Сумен жүзіп өткен кезде ол бір қолына азық салынған дорбасы мен киімін ұстап алады.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!