Людмила Путина өзінен 20 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты

Фотография - Людмила Путина өзінен 20 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты

Людмила Путина бірер күн бұрын өзінен 20 жас кіші Калининград тумасымен некесін қиды.

563 0

Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путина бірер күн бұрын өзінен 20 жас кіші Калининград тумасымен некесін қиды. 58 жастағы Людмиланың жаңа махаббаты 37 жастағы Тұлғааралық коммуникациялар даму орталығының басшысы Артур Очеретный екен.

Бұл туралы Ресейлік "Собеседник" басылымы жазды.

Ресейлік мемлекеттік тізілімнің мәліметінше, Василевский аралындағы Путиннің отбасылық пәтері енді тегін ауыстырған президенттің экс-жұбайы Людмила  Очеретнаяның жеке басына тиеселі.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 6 шілдесінде Ресей президенті Владимир Путин Людмила Путинамен бірге жергілікті телеарнаға ажырасатындарын айтып, ашық сұқбат берген еді. Тек араға 1 жыл салып 2014 жылы Людмила Путина жас махаббатымен бірге Горковский атындағы әдебиет сыйлығын табыстыру шарасына келген-ді.

Артур Очеретный аталған шараның ұйымдастыру комитетінің құрамына кіріп, көп жұмыстар атқарып, көзге түсті. "Литературная учеба" баспа үйін басқарып, әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына жаңа ашылған журналдарды жарнамалаумен айналысады.

Отыздан асқан жігіттің әп-сәтте Тұлғааралық коммуникациялар даму орталығының басшысы болғаны көпшілікке түсініксіз. Мәскеудің қақ ортасында 2 офисі бар. Бір ғана жекежайының құны миллиард рубль тұрады және оны көбінесе жалға береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!