Данияға келген босқындардың құнды заттары тәркіленеді

Фотография - Данияға келген босқындардың құнды заттары тәркіленеді

Данияға барған босқындардың құнды заттары мен қаражаты тәркіленеді.

406 0

Алайда бағалы бұйымның бағасы 1500 доллардан асып кеткен жағдайда ғана тәркіленетін болады. Жергілікті Парламент заң жобасына сәйкес осындай түзетулер енгізген. Мұның бәрі мемлекеттің мигранттарды бағып-қағуға кететін шығындарын өтеуге жаратылмақ. Жаңа ереженің неке жүзігі мен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл бұйымдарға қатысы жоқ. Сиясы кеппеген құжат Даниямен қатар өзге елдерде де қатаң сынға ұшырап отыр.

Хеннинг Хиллестед, Дания Парламентінің депутаты:

"Заңға мұндай түзетулер енгізу Дания үшін масқара жағдай ғой. Бұл адамгершілікке жатпайды. Өйткені босқындар мұнда Отанындағы зорлық-зомбылықтан қашып, бейбіт өмір іздеп келеді. Жаңа ереже еліміздің абыройына нұқсан келтіретіні анық".


24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!