Малайзияда Денге безгегін жұқтырғандар саны 7000 адамнан асты

Фотография - Малайзияда Денге безгегін жұқтырғандар саны 7000 адамнан асты

Малайзия Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бір ғана Селангор аймағында Денге безгегімен 3609 адам ауруханаға жеткізілген

176 0

Малайзияда Денге безгегін жұқтырғандар күн сайын артып барады.

Биылғы жылдың қаңтар айында бұл қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 7000-нан асып, олардың 14-і ажал құшқан. Малайзия Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бір ғана Селангор аймағында Денге безгегімен 3609 адам ауруханаға жеткізілген. Аталған вирус сондай-ақ Джохор, Куала-Лумпур және Пенанг, Перак секілді қалаларда ушығып барады. Өйткені жаңа маусымның ыстық әрі құрғақ басталуы вирусты тарататын маса түрінің жылдам көбеюіне әсер етіп отыр, - дейді денсаулық сақтау саласының мамандары. Енді олар дерттің алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарды су қоймалары мен қоршаған ортаны қоқыс пен түрлі қалдықтардан тазартып, барынша тазалық сақтауға үндеп жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!