Түркиядағы қақтығыс кезінде сарбаздар қаза тапты

Фотография - Түркиядағы қақтығыс кезінде сарбаздар қаза тапты

Тағы 3-еуі жарақат алған. Ал үкімет әскері 20 содырдың көзін жойды

273 0

Түркияда лаңкестік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Күрдістанның жұмысшы партиясымен" қақтығыс салдарынан 3 сарбаз қаза тапты. Тағы 3-еуі жарақат алған. Ал үкімет әскері 20 содырдың көзін жойды. Олардың 9-ы Диярбақыр қаласының Сур ауданында, қалғаны Джизре қаласында ажал құшқан. Бұл туралы осы елдің Бас штабы мәлімдеді. Сур ауданындағы қиян-кескі ұрысқа байланысты жүздеген тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жаққа кетуге мәжбүр. Түркияның қарулы күш өкілдерінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсанынан бері "Күрдістанның жұмысшы партиясының" 700-ге жуық мүшесі құрбан болған. Билік 1,5 ай бұрын Диярбақыр мен оған жақын орналасқан провинцияларда коменданттық сағат жариялаған еді, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!