Toyota автоконцерні 2015 жылы 10 миллионнан астам көлік сатқан

Фотография - Toyota автоконцерні 2015 жылы 10 миллионнан астам көлік сатқан

Компания басшылығының айтуынша өткен жылы әлемнің түкпір-түкпіріне 10,15 миллион машина сатқан.

209 0

Жапонияның Toyota автоконцерні 2015 жылы әлем бойынша ең көп көлік сатқан компания атанды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.
Компания басшылығының айтуынша өткен жылы әлемнің түкпір-түкпіріне 10,15 миллион машина сатқан. Оның қатарына Daihatsu Motor Co және Hino Motors Ltd бөлімінің көліктері де кіреді. Алайда, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға құлдыраған.
Toyota компаниясы көлік сату бойынша, әлемдік деңгейде соңғы 8 жылдың жетеуінде көш бастап келеді. Тек 2011 жылы жойқын жер сілкінісі мен топан судың салдарынан дер кезінде өз қалыптарына келіп, көлік сатуды жалғастыра алған жоқ. Жапония автоконцернінің бәскелестері ретінде саналатын немістің Volkswagen AG компаниясы өткен жылы 9,9 миллион көлік сатып, көрсеткіш бойынша екінші орынға жайғасты. Ал АҚШ-тың General Motors корпорациясы 9,8 миллион санымен үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Volkswagen AG автоконцерні соңғы кездері даудан арыла алмай келеді. АҚШ пен Оңтүстік Корея мемлекеттері көлік ішінде қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатылғанын анықтады. Осыған байланысты экологиялық талаптарды орындамады деген айыппен бірнеше миллион доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!