Криштиану Роналду 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды

Фотография - Криштиану Роналду 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды

Криштиану Роналду Монаконың Монте-Карло қаласынан 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды.

566 0

Әлемнің ең әйгілі футболшыларының бірі, Португалияның бағына туған саңлақ Криштиану Роналду Монаконың Монте-Карло қаласынан 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Осылайша, футболшы Монте-Карлода қонақ үй бизнесімен айналысуды көздеп отыр. Бүгінде ол әлем бойынша көптеген мейманхана мен казинолардың қожайыны, атақты кәсіпкер Дональд Трамппен және оның Trump Entertainment Resorts компаниясымен тығыз байланыс орнатқан.
Сондай-ақ, даңқты спортшының әлемнің бірқатар елінде жұмыс істейтін жеке қонақ үй желісін ашуды жоспарлап жүргенін атап өткен жөн. Әзірге мұндай кешендер Португалия мен Мадрид және Нью-Йорк қалаларында ашылмақ. Бұл кәсіпті Роналду бүгінде баршаға белгілі өзінің CR7 брендінің аясына біріктіретінін айтты.
Айта кетейік, футболшы осыған дейін қонақ үй кәсібіне 37 млн. еуро қаржысын салған. Одан бөлек, ол өткен жылы Нью-Йорктегі "Трамп мұнарасы" атты көп қабатты кешеннің жоғарғы қабатынан 16,7 млн. еуроға пәтер сатып алған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!