Ресейде доңыз тұмауынан 70-тен астам адам көз жұмды

Фотография - Ресейде доңыз тұмауынан 70-тен астам адам көз жұмды

Жергілікті ақпарат құралдары құрбандар саны артуы мүмкін деп жазуда.

148 0

 Дәрігерлердің болжамы бойынша, вирустың беті тек бірнеше аптадан кейін ғана қайтуы мүмкін. Өлім-жітімінің алдын алу үшін аймақтардағы билік шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Бүкіл ел бойынша жүздеген балабақша мен мектеп карантинге жабылды. Тұрғындарға адам көп жиналатын жерлерге бармауға және аталған аурудың нақты белгілері бар науқастармен жақын араласпауға кеңес берілген.

 Андрей Девяткин, Ресейдің Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық зерттеу-медицина университетінің профессоры:
 - Н1N1 тұмауының вирусы кеңінен таралуда. Мұндайда шұғыл көмек қажет. Яғни, жоғары температурасы бар, тыныс алуы қиындаған сырқат адамды үйде назардан тыс қалдырмай, тез арада ауруханаға жатқызу керек.

Александр, Мәскеу тұрғыны:
 - Таныстарымның барлығы ауырып жатыр. Дәрі-дәрмекке ақшалары жетпейді. Сондықтан арзан дәрі-дәрмек алып немесе халық еміне жүгінуде.

Қазақстандық дәрігерлер де осы індетке қарсы қамданып жатыр. Қазір шекара бойына қатаң санитарлық бақылау режимі енгізілген. Эпидемиологтар ел аумағына өтетін адамдарды тыңғылықты тексерістен өткізуде. Әуежайларда тепловизорлар орнатылған. Солардың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшеніп, тұмау жұқтырды деген күдік тудырғандар арнайы бөлмелерге жіберіліп жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!