Францияда Uber компаниясын 1,2 млн еуро төлеуге міндеттеді

Фотография - Францияда Uber компаниясын 1,2 млн еуро төлеуге міндеттеді

Компания жергілікті такси жүргізушілердің ұлттық одағына өтемақы төлеуге міндеттеді.

328 0

Франция соты Uber компаниясын жергілікті такси жүргізушілердің ұлттық одағына 1 миллион 200 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттеді.

 Бұған дейін аталған одақ Uber қызметін пайдаланушы жүргізушілер ұялы телефондар арқылы тапсырыс берген клиенттерді ғана емес, сонымен қатар көшеде тұрған жолаушыларды да әкетіп жатыр деп арыз түсірген болатын.

Айта кетейік, Парижде 2 күннен бері жергілікті такси жүргізушілерінің наразылық шарасы өтіп жатыр. Uber қызметі заңсыз негізде жұмыс істейді. Ал ресми тіркелген таксистер лицензия үшін 50 мыңнан 250 мың еуроға дейін ақша төлеуге мәжбүр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!