Сальвадорда тәртіп сақшылары ереуілге шықты

Фотография - Сальвадорда тәртіп сақшылары ереуілге шықты

Ереуілшілер бетіне бетперде киіп шыққан

181 0

Сальвадорда полиция қызметкерлері наразылық шарасын ұйымдастырды. Ереуілшілер бетіне бетперде киіп шыққан. Олардың бұлайша ашуға булығуына жалақының мардымсыздығы мен еңбек жағдайының тым нашарлығы себеп болған. Жиналғандар сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін алаңдайтындықтарын да айтып отыр. Өйткені қолда бар қару-жарақтардың әбден тозығы жеткен екен. Айта кеткен жөн, Сальвадор қылмыс деңгейі жоғары елдердің қатарына жатады. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 104 кісі өлімінен келіпті, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!