Колумбия Зика вирусына қарсы шараларды күшейтуде

Фотография - Колумбия Зика вирусына қарсы шараларды күшейтуде

Оңтүсітік және Солтүстік Америка елдерінен ауруды 4 млн адам жұқтыруы мүмкін

244 0

Зика безгегі Колубиялықтардың зәре-құтын қашырды

Індеттің негізгі таратушысы маса болғандықтан, мамандар үй-үйді аралап, аулаларда зиянкес жасырынуы мүмкін маңайлардың барлығын залалсыздандыруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Оңтүсітік және Солтүстік Америка елдерінен ауруды 4 млн адам жұқтыруы мүмкін. Бүгіннің өзінде бұл елде 14 мың адам осы індетпен ауыруда. Осылайша, Колумбия Бразилиядан кейін вирус кең тараған екінші ел атанып отыр. Бұл дерт ең алдымен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Мәселен, Бразилияда мыңдаған бала науқас болып туған.

Алехандро Сандовал, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:
- Індеттің таралуына жол бермеу үшін маса жасырынуы мүмкін аймақтың барлығын арнайы құрылғымен тазалаймыз. Қазір масалардың жұмыртқалап, көбейетін кезеңі. Осы уақытты пайдаланып, олардың таралуын барынша азайтуға тырысып жатырмыз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!