Қазақстан азаматы Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталды

Фотография - Қазақстан азаматы Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталды

Қазақстан азаматы Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости Saudi Gazette басылымына сілтеме жасап.

291 0

Сауд Арабиясының билігі терроризмге қатысы бар делінген АҚШ-тың тоғыз азаматы, бір Қазақстан азаматын, екі сириялық, индонезиялық және филиппиндікті ұстады. Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында Сауд Арабиясының 14 азаматы, Йеменнің үш тұрғыны, БАЭ-ның бір азаматы және палестиналық бар.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, Сауд Арабиясының билігі терроризмге қатысы бар делінген АҚШ-тың тоғыз азаматын, бір Қазақстан азаматын, екі сириялық, индонезиялық және филиппиндікті ұстады. Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында Сауд Арабиясының 14 азаматы, Йеменнің үш тұрғыны, БАЭ-ның бір азаматы және палестиналық бар.

РИА Новости хабарлағандай, 29 қаңтарда екі жанкешті  саудтық Эль-Ахса провинциясында Махасин ауданында намаз кезінде имам Реза мешітіне кірмекші болған. Қауіпсіздік органдары қызметкерлері мешітке бара жатқанда оларды ұстап алды, олардың бірі мешітке кіре берісте өзін жарып жіберді, атыс басталды. Құқық қорғау органдары екінші қылмыскерді ұстап үлгерді, одан "жанкешті белбеуі" табылды.

Теракт салдарынан төрт адам қаза тауып, 36 адам жарақаттанды, олардың үшеуі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!