Франция Палестинаны мойындауға дайын екендігін білдірді

Фотография - Франция Палестинаны мойындауға дайын екендігін білдірді

Париж Израиль мен Палестинаны келіссөздер жүргізуге шақырып отыр.

123 0

Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиус алдағы уақытта қос тарап арасындағы шиеленіскен жағдайды шешу үшін халықаралық конференция ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.

 Франция сыртқы істер министрінің мәлімдемесіне Тель-Авив тиісті назар аудармаған секілді. Израильдің бұқаралық ақпарат көздері француздардың бастамасы жайлы сөз арасында ғана атап өткен. Лоран Фабиус еврейлер келіссөзден бас тартса, Париж Палестинаны ресми түрде мойындауға әзір екенін жеткізді. Дегенмен тараптардың тарихи мәмілеге келетініне Израиль жұртшылығы сене қоймайтын секілді.

Став Шафир, Израиль Кнессетінің депутаты:
- Үкімет келіссөздер кезінде Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы құрылыс жұмыстарын тоқтатудың орнына, лаңкестерді бостандыққа шығаруды жөн көрді. Мұндай қателіктерге жол беретін билік израильдіктердің қауіпсіздігі жайлы ойламайды деген сөз және қандай да бір маңызды шешімге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын. Осы ретте меніңше, жағдайды тек оппозиция жетекшісі Ицхак Герцог өзгерте алатын секілді.

 Палестина билігі Изральдің басқыншылық әрекеттеріне тосқауыл қою керек деген пікір білдіріп отыр. Бұған дейін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Рамалланы қолдап, Тель-Авивті қатаң сынға алған болатын. Бұл жағдайға қатысты ХАМАС та өз ойын айтты. Ондағылар: "Франция бастамасы қарсы тараптың қылмысын жабуға бағыттылған", - дейді.

Саиб Эрикат, Палестинаны азат ету ұйымының бас хатшысы:
- Біз Францияның сыртқы істер министрінің бастамасын қолдаймыз. Ол өте орынды. Лаңкестікке қарсы күрес бәрінен басым болуы керек деп ойлаймыз. Алайда Израиль басқыншылығын тоқтатпай, оған кепіл бере алмайсыз.

Париж бастамасы іске асса, конференцияға жанжалдасушы тараптар, АҚШ, Еуроодақ пен Араб мемлекеттерің лигасы қатысуы тиіс. Осы ретте Франция оң нәтижеге қол жеткізуге ниетті екенін жасырмайды. Енді Израиль мен Палестина өкілдері және бітімгерлер келіссөздерді наурызда бастап кетуі әдбен мүмкін.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!