Палестиндық израильдің үш сарбазын жаралаған

Фотография - Палестиндық израильдің үш сарбазын жаралаған

Таяу Шығыста қару асынған палестиналық азамат израильдіктерге қарсы оқ жаудырды

139 0

Таяу Шығыста қару асынған палестиналық азамат израильдіктерге қарсы оқ жаудырып, 3 адамды ауыр жаралады.

 Іле-шала жауап ретінде оқ атқан Израиль полициясы оның көзін жойған. Кейін анықталғандай, қастандық жасаған азамат та, жарақат алған үшеу де, әскери қызметкер болып шықты. Жараланғандардың екеуі ауыр халде. Соңғы уақытта Израиль полициясының бақылау бекетіне палестиналықтардың шабуыл жасауы тым жиілеп кеткен. Осыған байланысты Израиль премьер-министрі шара қолданбай отырған Палестина автономиясының басшысын айыптап, халықаралық ұйымдарды бұл ел билігіне қарсы қысым көрсетуге шақырды.

 Айта кету керек, жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, 2015 жылдың күзінен бері осындай шабуылдан 30 адам мерт болып, 300-ге жуығы жарақат алған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!