Эгей теңізінде 100 босқын өлім аузынан аман қалды

Фотография - Эгей теңізінде 100 босқын өлім аузынан аман қалды

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандардың 66-сы ересек те, қалған 34-і балалар екен

287 0

Эгей теңізінде Грекия аралдарына қарай бет алған 100 мигрант өлім аузынан қалды. Босқындар мінген 25 адамдық моторлы қайық Мугланың Бодрум ауданына жақын маңда бұзылып қалып, суға батып бара жатқан жерінен түрік жағалау қызметі көмекке келген. Шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандардың 66-сы ересек те, қалған 34-і балалар екен. Олардың барлығы жергілікті көші-қон полициясына жеткізілді. Ауа райы қанша жерден қолайсыздық тудырса да, Эгей теңізі арқылы қатынайтын заңсыз мигранттардың нөпірі толастар емес. Биыл қаңтар айының алғашқы екі аптасында 45 мигрант суға кетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда 2 есе көп, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!