Швейцария әскерилері қоғамдық көлікте қаруын жиі қалдырып кетеді

Фотография - Швейцария әскерилері қоғамдық көлікте қаруын жиі қалдырып кетеді

Швейцариялық әскерилер 2015 жылы пойыздарда 18 қару-жарақты ұмыт қалдырған

163 0

Бұл туралы елдегі әскери полиция басшысы Кристофер Шальбеттер жасаған баяндамадан әйгілі болды.

Швейцария тұрақты армиясының сарбаздары оқу-жаттығу шараларына жиі барады. Сол кезде олар өздерімен бірге винтовка мен тапаншаны тағынып барулары тиіс. Қару-жарақ тағынған олар, діттеген жерлеріне күнделікті халық мінетін пойызға отырып жетеді. Бірақ, вагоннан шыға бере, сарбаздар қару-жарақтарын ұмыт қалдырып, сол арқылы өзге жұрттың өміріне қауіп-қатер төндіреді, делінген баяндамада.

Мұны естіген депутаттар ұмытшақ сарбаздарға қарсы шара қолдану мәселесін көтерді. Енді жуық арада осыған байланысты жауапкершілікті күшейтетін арнайы заң шығарылуы мүмкін.

И24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!