Yahoo! қызметкерлер санын қысқартады

Фотография - Yahoo! қызметкерлер санын қысқартады

Американдық Yahoo! интернет-компаниясы бірқатар өкілдігін жаппақ

100 0

Американдық Yahoo! интернет-компаниясы бірқатар өкілдігін жауып, қызметкерлерінің 15%-ын қысқартады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Басшылық осылайша дағдарысты еңсермек. 2012 жылы компанияның 14 мың қызметкері болған. Алайда соңғы 3 жылда олардың қатары 10 мыңға дейін азайды. Қысқарту АҚШ-та ғана емес, сонымен бірге Қытай, Үндістан мен Канададағы өкілдіктерінде де жүргізілді. Өткен жылдың соңғы 9 айында Yahoo!-дың шығыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 миллиард 900 миллион долларға жетіп, табысы керісінше 4%-ға, яғни 3 миллиард долларға кеміген.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!