Facebook жаңалықтар лентасының түрін өзгертеді

Фотография - Facebook жаңалықтар лентасының түрін өзгертеді

Бұл туралы компания сайтында ресми түрде хабарланды.

208 0

Әлеуметтік желі жаңалықтар тізбегінің жариялану түріне өзгеріс енгізеді. 

Бұл туралы компания сайтында ресми түрде хабарланды. Ақпаратқа сәйкес, енді пайдаланушылар өздерінің жаңалықтар лентасында бұрын атап көрсеткен постарға ұқсас өзге постарды көре алатын болады.

Айта кетейік, Әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі. 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен біріге отырып Facebook-тың негізін қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды.

Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және ол тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостон университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекенжайы бар АҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды. 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты пайдаланушылар саны 1,11 миллиардты құрайды, олардың көбісі мобильді құрылғыдардың көмегімен кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн АҚШ доллларын құрады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!