Колумбия астанасын көк түтін басты

Фотография - Колумбия астанасын көк түтін басты

Жақын маңдағы жасыл желек 2 күннен бері жанып жатыр

333 0

Колумбия астанасы Боготаны көк түтін басты. Қаладағы ауаның ластану деңгейі қалыпты нормадан асып кеткен. Мұндай экологиялық жағдайдың орнығуына Боготаның оңтүстігіндегі орман өрті себеп болуда, деп жазды Baq.kz.

Жақын маңдағы жасыл желек 2 күннен бері жанып жатыр. Тілсіз жаумен күрес жерден де, көктен жүргізілуде. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Жергілікті билік әсіресе балаларды көшеге шығармауға, ал ересектерге далада тек қана бетпердемен жүруге кеңес беріп жатыр. Қала мэрі өрттің әскери базадан басталғанын айтады. Колумбиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Боготаның айналасында былтыр 18 орман өрті тіркелген. Энрике Пеньялоса, Богота мэрі: - Өкінішке қарай, күшті жел жағдайды қиындатып отыр. Осының кесірінен өрт әртүрлі бағытта өршіді. От қазір солтүстікке қарай жайылып барады. Тілсіз жаумен күресетін адамдар санын қалай көбейтеміз деп бас қатырып жатырмыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!